Диана Мусульманкулова: гендерлік алшақтықты еңсере отырып: TSPM. COMODE үшін интервью
Биыл Dostyk Plaza 10 жылдығын тойлап өтті. Біз осы уақыт ішіндегі жетістіктерімізді ғана емес, біздің ұжымды да мақтан етеміз – күн сайын 2653 адам 24/7 жұмыс істеп, ССО сервисінің мінсіз деңгейін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Қызмет ету мен сервистің жоғары деңгейін сақтауда команда ерекше рөлді атқарады
Ең жарқын үлгілердің бірі TSPM. әкімшілік мәселелері және персоналмен жұмыс істеу жөніндегі бөлімшенің басшысы Диана Мусульманкулова болып табылады. Жақында әйелдерге арналған Comode.kz әйгілі интернет-платформасында Диананың интервьюі шықты, онда ол мынадай маңызды тақырыптар қозғалған:
- Басқару саласындағы гендерлік алшақтықты еңсеру.
- Жұмыс орнындағы инклюзивтілікті қолдау .
- Жұмыс пен қызметкерлердің жеке өмірі арасындағы теңгерімді сқтау үшін жағдайлар жасау.
Интервьюде Диана жынысына және жасына қарамастан, барлық қызметкерлер үшін бірдей мүмкіндіктер жасау маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ TSPM құрметке, сенімге және дамуға негізделген корпоративтік мәдениетті қалай қолдайтыны туралы әңгімеледі . Инклюзивтік саясаты— бұл біздің басымдықтарымыздың бірі, және біз әр қызметкер өзін оның үлесін бағалай білетін және қолдайтын біртұтас команданың бөлігіндей сезінуі үшін белсенді жұмыс істеудеміз
Біз әр адам, ол әйел не ер адам, кәсіпқой немесе жаңадан келген маман болса да, онда өз әлеуетін аша алатын ыңғайлы және демеуші жұмыс ортасын жасауға тырысамыз.
Интервьюдің толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша табуға болады: