Ақбота Алагузова
Ақбота
Алагузова
SmArt.Point компаниясының бас директоры
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті қаржылық және операциялық басқару саласында тәжірибесі бар топ-менеджер. Еңбек жолын Big 4 компанияларында бастап, қаржылық талдау, бақылау және аудит бағыттарында жұмыс істеді. Кейін SmArt.Point жобасының бас компаниясы болып табылатын Mercury Properties холдингінде кәсіби қызметін жалғастырып, бизнес-орталықтар бағытын дамытуға және 20-дан астам нысаннан тұратын портфельді басқаруға жауапты болды. Қазіргі уақытта SmArt.Point-та коворкинг кеңістіктерінің операциялық басқаруы мен стратегиялық дамуын басқарады. Өз жұмысында тұрақты бизнес-модельдерді қалыптастыруға, нысандардың тиімділігін арттыруға және резиденттердің өсу драйвері ретінде кәсіби қауымдастықтарды дамытуға ерекше назар аударады.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жалға алушылар мен сатып алушылардың мінез-құлқы қалай өзгеруде: коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы өзекті өзгерістер
Бірнеше жыл бұрын жалға алушылар үшін басты сұрақ өте қарапайым еді: «Шаршы метрі қанша тұрады?» Бүгінде бұл сұрақ дерлік ешқашан бірінші болып қойылмайды.
Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы — сауда орталықтарынан бастап кеңсе кеңістіктеріне дейін — құндылық метраждан маңыздырақ болатын, ал орта локациядан басым түсетін кезеңге аяқ басты. Бұл өзгеріс жалға алушылардың мінез-құлқына да, соңғы пайдаланушылардың күтулеріне де тікелей әсер етеді.
Жалға алушы енді жай ғана «кеңсе жалдамайды» — ол экожүйені таңдайды
Соңғы жылдардағы ең айқын өзгерістердің бірі — жалға алушылардың шешім қабылдау логикасының өзгеруі. Бұрын бизнес объектіні «өту ағыны + баға» қағидасымен таңдаса, бүгінде келесі критерийлер жиі естіледі:
- менің көршілерім кім болады;
- кеңістікте қандай аудитория қалыптасқан;
- жұмыс уақытынан тыс өмір бар ма;
- бұл локация бизнестің дамуына көмектесе ме, әлде тек орналастыру үшін ғана ма.
SmArt.Point мысалында бұл өзгерістер ерекше байқалады. Бүгінде SmArt.Point резиденттер қауымдастығының негізін IT-компаниялар құрайды — барлық резиденттердің 40%-дан астамы. Сонымен қатар маркетингтік және консалтингтік агенттіктер, логистика, онлайн-сауда, медиа, бизнес-қызметтер және креативті индустрия өкілдері де бар.
Көптеген резиденттер кеңістікті таңдауда шешуші фактор ретінде метраж немесе жиһаз емес, қалыптасқан орта — инфрақұрылым, кәсіби айнала, комьюнити және өзара әрекеттесу мүмкіндіктері екенін атап өтеді.
Көрнекті кейстердің бірі — шағын өнімдік IT-команда. Олар резидент болған алғашқы жылдың ішінде кәсіби қауымдастық пен ішкі комьюнити іс-шараларына қатысу арқылы инвестор тауып, алғашқы клиенттерін тартты. Олардың жағдайында кеңсе шығын емес, өсу нүктесіне айналды.
Сатып алушылар мен пайдаланушылар таңдаулы әрі «эмоционалды» бола түсті
Соңғы пайдаланушының мінез-құлқы да өзгеруде — ол сауда орталығының келушісі болсын, кафе қонағы болсын немесе бизнес-кеңістік резиденті болсын.
Бүгінгі сатып алушы:
- шешімді ұзақ қабылдайды;
- өніммен қатар әсерді де бағалайды;
- жай ұсыныс емес, сервис пен мағына күтеді.
Бұл әсіресе жұмыс, демалыс және сервистер тоғысатын гибридті кеңістіктерде анық байқалады. Адамдар енді тек «кофе ішуге» немесе «кеңсеге» емес, күннің толық сценарийі үшін келеді: жұмыс істеу, кездесулер өткізу, іс-шараға қатысу, нетворкингте қалу.
SmArt.Point тәжірибесінде кеңсе инфрақұрылымы классикалық жұмыс сценарийлерінен тыс жиі қолданылады: таңғы лекциялар, кешкі іс-шаралар, серіктестік ивенттер, комьюнити кездесулері. Кеңістік енді фон емес — өзара әрекеттесудің белсенді қатысушысына айналуда.
Жалға алушылар икемділікті күтеді — тек келісімшарттарда ғана емес, ойлау жүйесінде де
Тағы бір маңызды өзгеріс — икемділікке деген сұраныс. Бұл тек жалға алу мерзімі немесе кеңею шарттары туралы ғана емес, басқарушы компаниялардың бизнестің қажеттілігіне бейімделуге дайын болуы туралы.
Компаниялар мынаны қалайды:
- тез масштабталу немесе қысқару;
- қатысу форматын өзгерту;
- ұзақ мерзімді міндеттемелерсіз жаңа өнімдер мен командаларды сынау.
Нәтижесінде коммерциялық жылжымайтын мүлік барған сайын тұрақты актив емес, сервис ретінде қарастырыла бастады. Мұны түсінген объектілер ұзақ мерзімді перспективада ұтады.
Бұл нарық үшін нені білдіреді?
Біз «шаршы метрді жалға беру» моделінен орта құру моделіне көшу кезеңін көріп отырмыз. Ұтатын жобалар:
- өз аудиториясын түсінеді;
- тек келісімшартпен емес, қауымдастықпен жұмыс істейді;
- жалға алушыларға жай кеңістік емес, мүмкіндіктер ұсынады.
Сондықтан бүгін нарықта mixed-use форматтары, all-in-one концепциялары, комьюнити тәсілі және экожүйелер туралы жиі айтылып жүр. Бұл — жай тренд емес, бизнес пен адамдар мінез-құлқының нақты өзгерісіне берілген жауап.