2025 жылы Түркістан облысы жаңа мейрамханалар мен кафелерді пайдалануға беру бойынша көш бастады
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда 20 048 орындық 73 мейрамхана пайдалануға берілген, деп хабарлайды Total.kz.
Пайдалануға берілген мейрамханалық нысандардың нақты құны 74,2 млрд теңгені құрады. Ең көп мейрамхана Түркістан облысында (28 нысан) және Қызылорда облысында (8 нысан) ашылған.
Сонымен қатар, есептік кезеңде 6 696 орындық 92 кафе пайдалануға берілді. Аталған нысандардың жалпы құны 14,2 млрд теңгені құрады. Жаңа кафелер саны бойынша да Түркістан және Қызылорда облыстары көш бастап отыр — тиісінше 21 және 14 нысан.
Бұдан бөлек, 2025 жылдың 12 айында ел бойынша 1 417 орындық 14 асхана және 26 орынға есептелген 3 жылдам тамақтану кәсіпорны пайдалануға берілді.