TSPM
logo
Артқа

«Еуразия» СОО қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда: TSPM. пікірі

Астананың оң жағалауында орналасқан «Евразия» сауда-ойын-сауық орталығы қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Орталық келушілер үшін ашық, ал жалға алушылар өз қызметін өзгеріссіз жүргізіп жатыр, деп хабарлады басқарушы компания TSPM.

Бұл пікір нысанның болашағына қатысты қоғамдық кеңістікте талқылаулардың күшеюі аясында айтылды. Компания өкілдері 2026 жылы орталықты қайта жаңғырту жоспарланбағанын және «Евразия» елорданың оң жағалауындағы негізгі сауда нысандарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Евразия» СОО 2025 жылғы мәміледен кейін жаңа басқарушы командаға өтті. Сол кезде нысанды қазақстандық кәсіпкер, REIT TSPG инвестициялық қорының негізгі акционері Серік Толбасы сатып алған болатын.

Қор портфеліне Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent Plaza секілді елдегі танымал ірі сауда-ойын-сауық орталықтары кіреді.

Меншік иесі ауысқаннан кейін орталықтың тұрақты операциялық жұмысы мен жалға алушылармен жүйелі өзара іс-қимыл негізгі басымдыққа айналды.


DSC01317.jpg


«“Евразия” СОО оң жағалаудағы маңызды сауда және қоғамдық кеңістіктердің бірі болып қала береді. Біз үшін нысанның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және серіктестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау аса маңызды. Сауда орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ал біз жалға алушылармен тұрақты байланыста болып, барлық маңызды мәселелер бойынша ақпарат беріп келеміз», — деп атап өтті басқарушы компания өкілдері.

Жаңа тұжырымдаманы әзірлеу

Ағымдағы операциялық қызметпен қатар, жоба командасы сауда кеңістігін ұзақ мерзімді дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті.

Қазіргі кезеңде жетекші халықаралық және қазақстандық сәулет бюроларымен жобалық жұмыстар жүргізілуде. Олар аумақтың әлеуетін талдауға және нысанды дамытудың түрлі тұжырымдамалық нұсқаларын әзірлеуге қатысып жатыр.

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта қалалық қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыруға және ауданның заманауи сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әртүрлі даму сценарийлері қарастырылуда.

DSC00547.jpg

«Қалалық ортаны сапалы дамыту теңгерімді тәсілді талап етеді. Қазір біз халықаралық сәулет бюроларымен бірлесіп аналитикалық және тұжырымдамалық кезеңде жұмыс жүргізіп жатырмыз, сауда-ойын-сауық орталығын жаңғыртудың түрлі нұсқалары бойынша қажетті рұқсаттарды алып келеміз. Осы кезең аяқталғаннан кейін алаңды одан әрі дамытудың оңтайлы моделі анықталып, жұртшылыққа ұсынылады. Осы уақытқа дейін “Евразия” СОО келушілер мен жалға алушылар үшін үйреншікті режимде жұмысын жалғастыра береді», — деп түсіндірді компания.

Тарихи сауда локациясы


«Евразия» СОО орналасқан аумақ Целиноград кезеңінен бері сауда мақсатында пайдаланылып келеді. Онда ондаған жыл бойы базарлар мен сауда нысандары жұмыс істеп, қаланың оң жағалауында тұрақты тұтынушылық белсенділікті қалыптастырды.

Бүгінде Астананың Алматы ауданы елордадағы ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі болып саналады. Әкімдік деректеріне сәйкес, мұнда 400 мыңнан астам адам тұрады, ал халық санының орташа жылдық өсімі 6%-дан асады, бұл қалалық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.