Тұтыну нарығы: жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді
2026 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тұтыну бағаларының жылдық өсімі 11,7%-ды құрады, қаңтарда бұл көрсеткіш 12,2% болған. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Айлық инфляция 1,1% деңгейінде қалыптасты.
Азық-түлік тауарлары сегментінде жылдық өсім 12,7% (қаңтарда — 12,9%) болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,6%-ға қымбаттады (қаңтарда — 11,7%). Ақылы қызметтер бағасының өсімі 12,0%-дан 10,8%-ға дейін баяулады.
Инфляция құрылымында ең жоғары үлес азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға тиесілі. Азық-түлікке жатпайтын сегментте киім-кешек, көлік және жеке күтім тауарлары бағасының өзгерісі байқалды. Қызмет көрсету секторында ТКШ және денсаулық сақтау салаларында баға өсімі тіркелді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайтылды. Қаңтар айында ақша массасы 3,8%-ға қысқарып, 50,7 трлн теңгені құрады.