TSPM
logo
Артқа

DNS желісі Алматыда ірі логистикалық хаб ашты

DNS сауда желісі 18 мың шаршы метрді жалға алды. Бұл аумақ Алматы облысында орналасқан Focus Aksengir логистикалық паркінің А санатындағы қойма кешенінде. Бұл 2025 жылы Қазақстан нарығындағы қойма алаңын жалға алу бойынша ең ірі мәміле болып отыр. Аталған келісімнің кеңесшісі Bright Rich | CORFAC International компаниясы болды.
 
DNS – Ресейдегі электроника және тұрмыстық техника бойынша ең ірі сауда желілерінің бірі. Оның құрамына 2,7 мыңнан астам нысан кіреді. Дүкендер Приморск өлкесінде, Мәскеуде, Санкт-Петербургте және өзге қалаларда орналасқан. 2021 жылдан бері ритейлер Қазақстан нарығында жұмыс істеп, Алматыда, Астанада және басқа өңірлерде 73 дүкенді басқарады. Сонымен қатар, сауда желісі Беларуссия мен Қырғызстанда да бизнесін дамытып келеді.
 
«DNS үшін Қазақстанда логистикалық инфрақұрылымды дамыту стратегиялық басымдық болып табылады. Біз сапасы, техникалық сипаттамалары және қызмет көрсету деңгейі бойынша біздің талаптарымызға толық сәйкес келетін Focus Logistics сынды сенімді әрі кәсіби серіктеспен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Focus Aksengir логистикалық паркінде А санатты заманауи қойма кешенін жалға алу бізге тауар ағындарын басқару тиімділігін арттыруға, бөлшек сауда желісін тұрақты түрде қамтамасыз етуге және DNS-тің Қазақстан мен Орталық Азиядағы бизнестің әрі қарай өсуіне берік негіз қалауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті DNS логистика және сервис жөніндегі директоры Александр Буторов.
 
Соңғы бірнеше жылда ресейлік компаниялар Қазақстандағы қоймалық жылжымайтын мүлік нарығына жоғары қызығушылық танытып келеді. Елдің Ресей, Еуропа және Қытай арасындағы көлік бағыттарының торабында орналасуы Қазақстанды стратегиялық логистикалық хабқа айналдырады. Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азия аймағында бизнесті ауқымдастыру үшін жақсы плацдарм болып табылады», – деп атап өтті Bright Rich | CORFAC International Kazakhstan серіктесі, директоры Артемий Пестовский.
 
Focus Logistics өкілдері мәміле және логистикалық парктің даму жоспары туралы да пікір білдірді.
  
«Біз DNS сияқты сенімді әрі сапалы жалға алушымен ынтымақтастыққа қуаныштымыз, ол Ресей нарығындағы электроника мен тұрмыстық техниканың көшбасшысы болып табылады». Жаңа қойма сауда желісіне Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның басқа елдерінде де табысты дамуға мүмкіндік береді. DNS-пен жасалған мәміле біздің объектілеріміздің жоғары сапасын және олардың озық нарық стандарттарына сәйкестігін дәлелдейді. Алматының солтүстік-батыс бөлігі өңірдің негізгі логистикалық кластері ретінде тарихи тұрғыда қалыптасты, және біз осы өңірдегі қуаттарды әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Focus Logistics компаниясы бас директорының орынбасары Асет Кулисбаев.
 
Focus Aksengir қойма кешенінің жалпы ауданы 90 мың шаршы метрден асады. Логистикалық парк Алматының солтүстік-батысында, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының (БАКАД) жанында, көлік қатынасына ыңғайлы жерде орналасқан.