Dostyk Plaza және Shymkent Plaza марафондардағы спорттық табыстары
2024 жылдың қыркүйек айында Алматы мен Шымкент қалаларын спорттық рух тартып әкетті, онда Dostyk Plaza мен Shymkent Plaza командаларын біріктірген екі жарқын марафон өтті. Біздің қызметкерлер спортқа деген сүйспеншілігін ғана емес, ұжымның ұйымдастығын көрсетіп, осы ауқымды оқиғаларға ынтамен қатысты.
Almaty Marathon 2024 біздің Dostyk Plaza командамыз үшін нағыз спорт мерекесі болды. біздің 11 қызметкер әртүрлі қашықтықтарды еңсеріп, позитивті жігерден қуат алу үшін, стартқа шықты. Команданың "Экиден" командалық қашықтыққа қатысуы ерекше назар аударуға лайық, онда 6 әріптес нағыз командалық рухты, ерік-жігерін, батылдығын көрсетіп, сынақты жұмыла еңсерді. Барлық қатысушылар үшін бұл жай ғана спорттық шара емес, ұжымды біріктірген жарқын сәт болып шықты.

Шымкент қаласы да артта қалған жоқ, онда 15 қыркүйек күні Shymkent Marathon өтті. Күн әрі қонақжайлылық қаласы қайтадан спорттық жарыстар ортасына айналды, және біздің Shymkent Plaza командамыз дәстүрлі түрде белсенді қатысты. Стартқа ынтасы және жеңіске ұмтылысы зор 30 қызмткер шықты. Біреуі толық марафонды, біреуі жартылай марафонды таңдады, ал басқалары неғұрлым қысқа қашықтықтарды еңсеруге бел байлады, бірақ қатысушылардың әрқайсысы қашықтықты еңсеріп және өзінің төзімділігін және батылдығын көрсетіп, өз мақсатына жетті.
Бұл марафондар тек қана біздің қызметкерлер үшін емес, бүкіл компания үшін де маңызды оқиғалар болды. Бұл жай ғана спорттық шаралар емес – бұл командалық рухты нығайту, мінез мықтылығын көрсету және жарыстардың бірегей атмосферасына бөлену мүмкіндігі. Біз Алматы және Шымкент қалаларында өткен марафондарда ынтамен және тамаша көңіл-күймен біздің командаларды халыққа паш еткен әріптестерімізді мақтан етеміз!