ЭКОЖҮЙЕЛІ КӨЗҚАРАС. TSPM. Компаниясы Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару қағидаларын қалай өзгертіп жатыр
ЭКОЖҮЙЕЛІ КӨЗҚАРАС
TSPM. Компаниясы Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару қағидаларын қалай өзгертіп жатыр
TS Development компаниялар тобының негізін қалаушы және Dostyk Plaza, Shymkent Plaza тәрізді Асанатындағы сауда орталықтарының иесі Серік Төлбасы ұзақ уақыттан бері бизнесті ашық жүргізу керек деген қағиданы ұстанады. Ол әріптестік қарым-қатынастың ұзақ және өзара қолдаудың болуына да мән береді.
«Біз өмір сүретін әлем тез өзгеріп жатыр. Мұндай жағдайда бизнес жүргізгенде стратегия мен операциялық басқару арасындағы фокусты қайта қарап отыру керек. Қоршаған ортаның тәуекелдеріне тез реакция танытып үлгерген компаниялар ғана тиімділігін арттырып, бизнес процестердің ашық болуын қамтамасыз ете алады. Ал олар кез келген жағдайда аман қалуға көмектесетін факторлар», – дейді TS Development басшысы.
Осы әдіс арқылы Серік Төлбасы өткен жылы сауда орталықтарындағы жалға алушылардың 90%-ын сақтап қана қалған жоқ, өз бизнесінің миссиясы мен мақсаттарын қайта қарап шықты. COVID-19 пандемиясынан туындаған саладағы дағдарыс тәжірибелі мамандардың командасы, өзінің ІТ-бағдарламасы мен талдау құралдарының болуы компанияға өз активтерін тиімді басқаруға ғана емес, басқа да ойыншыларға дағдарыс жағдайында ашық және масштабтандырылған бизнес құруға көмектесе алатын түсінікті түбегейлі қалыптастырды. 2020 жылдың маусымында Dostyk Plaza және Shymkent Plaza, NB Development, TSD Construction, TS Development, STS штатын қайта жасақтап, TS Property Management (TSPM.) атты жаңа компания құрылды. Оның негізгі мақсаты – коммерциялық жылжымайтын мүлікке сараптама, бағалау жасап, басқара білу.
Бүгін Forbes Kazakhstan сұрақтарына TSPM. бас директоры Алексей Хегай жауап береді.

– TSPM. құрылуы туралы не айта аласыз? Компанияның нарықтағы миссиясы қандай?
– Өткен жылғы бәріміз тап болған бизнес үшін теңдессіз сын-қатерлерге жауап ретінде Серік Қарабекұлы Төлбасыға TSPM. компаниясын құру идеясы келді. Біздің командамыз оның ойына белсенді қолдау білдірді. Әдетте тәжірибелі мамандар жалпыхалықтық дүрбелеңге берілмей, тез арада мәселені шешу жолын іздейді. Айналадағы өзгерістер тек TS Development компаниялар тобын қайта құрылымдауға ғана емес, жалпы салаға әсер етті. Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында – ашық тәжірибелі, батыл, барлық қажетті құралдар мен ресурстарға ие, басқа бизнес иелерінің сауда объектілерін дамыту үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын жаңа ойыншының жетіспейтіні анық сезілді. Ресурс, тәжірибе және дамыған технология тәрізді барлық қажетті нәрсе бізде болған соң осы нишаны толтыруымыз керек деп шештік. TSPM. аббревиатурасының да өзіндік мәні бар. Ол жаңа брендтің сипаттамасын білдіреді: Technological (технологиялы), Smart (ақылды), Professional (кәсіби), Major (маңызды).
Біз компанияның негізгі құндылықтарын мен миссиясын анықтау жолында үлкен жұмыс істедік. Енді мен олар туралы ашық айта аламын. TSPM. Миссиясы – Қазақстанның коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында тиімді басқару экожүйесін қалыптастыру. Алдағы уақытта көрші елдерге де шығу туралы жоспар бар.
– Басқару экожүйесі дегенді толық түсіндіресіңіз. Сіздің компанияңыз нақты немен айналысатын болады?
– Егер Джеймс Мурдың анықтамасына жүгінсек, бизнес-экожүйе дегеніміз – ол бір компания маңайында біріккен қызметтер тобы. Бүгінде «экожүйе» деген ұғым цифрлық революциямен тығыз байланысты. Электронды платформалар серіктестер, жеткізушілер, клиенттер және кез келген бизнес иесі үшін ыңғайлы инфрақұрылым жасақтады. Цифрлы экожүйенің ең жарқын мысалы – Amazon.
Біз өз кезегімізде коммерциялық жылжымайтын мүлік иелері үшін ерекше ІТ өнімдер дайындадық: саны шектеусіз бизнес нысандарды басқару бойынша ts-online цифрлық платформасы және Smart Plaza бейілділік бағдарламасы. Соңғы жүйе – жалға берушілердің тауар айналымы бойынша ақпарат жинайтын, автоматтандырылған жүйе. Оған маркетплейс пен өзге де функцияларды қостық.
Біз өз жұмысымызды талдаудың заманауи құралдарынсыз елестете алмаймыз. Клиенттеріміз сауда орталықтарындағы адам саны туралы ақпарат алып қана қоймай, нақты дүкендердегі келушілер мен сатып алушылардың конверсиясын да біле алады. Кейбір жалға алушылар жоғары мамандандырылған ұсынымдарымен жүгінеді, мысалы, тауар желісін бағалау. Біз оларға маржасы ең жоғары, ең өтімді тауарларын анықтауға көмектесеміз. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде біздің ең маңызды жалға алушыларымыздың бірі Galmart супермаркетінің айналымы ортақ жұмыстан кейін 676%-ға өсті.
Мұнда адами капиталды да қосу керек. Командамыздың бағалауда, жоба құруда, құрылыста, инженерлік жүйелерге талдау жасауда, менеджмент және сауда нысандарын жетілдіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар.
Біз тиімді сервистер экожүйесін құру арқылы сауда орталығының басқаруын өз қолымызға аламыз деп батыл айта аламыз. Сондай-ақ арнайы блоктар бойынша кәсіби консалтинг ұсынамыз: техникалық және сервистік қызмет көрсету, коммерциялық жылжымайтын мүліктің брокериджін жасау, процестерді автоматтандыру, жобалау және маркетингтік дамыту.
– TSPM.-ді одан әрі дамыту бойынша қандай жоспарлар бар?
– Қазіргі таңда Қазақстан нарығындағы ең ірі ойыншылармен кездесіп жатырмыз, сонымен қатар ірі шетелдік шараларға қатысудыда жоспарладық. Мәселен, осы жылы Мәскеуде өтетін MAPIC Russia 2021 атты коммерциялық жылжымайтын мүлік көрмесіне баруды ойлап отырмыз. Жалпы осы жылы өз басқаруымызға 3–4 жаңа нысанды қосып алуға деген ниетіміз бар.
Жалпы саладағы даму туралы айтар болсақ, Серік Төлбасының алға қойған үлкен міндеттері бар: ақпарат алмасып, ашық бенчмаркинг құрып, ел нарығына шетелдік инвесторларды шақыру үшін республикадағы девелоперлерді Қазақстан сауда орталықтарының Стратегиялық одағына біріктіру.
Бізге елдегі сауда орталықтарының ашық рейтингін жасайтын уақыт келді. Қазір TSPM. мамандары нарық ойыншыларының көрсеткіштерін алып, оларды бағалау критерийлерін құру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Әрине, құпия ақпараттар сұралмайды, дегенмен, қазіргі әлемдік тәжірибеде сауда орталығындағы орташа айналымды, бір шаршы метрге кететін шығынды айту қалыпты деп саналады. Кез келген инвестор мұндай ақпаратты сұрай салуы мүмкін.
Сауда орталықтарының ашық рейтингін жасау – саладағы әділ бәсекелестікке бастайтын бірінші қадам және бизнес иелеріне сауда жылжымайтын мүлкі нысандарын дамыту бойынша негізгі көрсеткіштерді анықтап қана қоймай, өз қызметкерлерінің өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Қорытындыласақ, біздің компаниямыз ашық мәліметтерді алмасу Қазақстандағы бизнес жүргізу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп сенеді. Өз кезегімізде біз ол стратегияны орындау үшін барынша күш саламыз.
Дереккөз: Forbes Kazakhstan журналы, баспа нұсқасы, мамыр 2021.