TSPM
logo
Артқа

Орталық Азиядағы алғашқы қадам: Қазақстандағы Espresso Lab басшысымен сұхбат

Алматыдағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы F&B сегментіндегі халықаралық операторларды тартуды жалғастыруда. 2025 жылы specialty coffee жаһандық бренді Espresso Lab Қазақстан нарығына шығып, Орталық Азиядағы алғашқы нүктесін Dostyk Plaza СОО-да ашты. Бүгінде брендтің әлем бойынша 400-ден астам нүктесі бар.

Алматыны таңдау себептері, локация критерийлері және алдағы даму жоспарлары туралы Espresso Lab-тың Қазақстандағы бас директоры Исмаил Шахинбай айтып берді.

— Espresso Lab Орталық Азия нарығына алғаш рет шықты. Неліктен бастапқы нүкте ретінде Қазақстан мен Алматы қаласы таңдалды?

— Алматы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және көптеген жылдар бойы маңызды сауда орталығы болған. Қаланың тарихы тереңге кетеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы елдің мәдени, экономикалық және сауда орталығына айналды. Сондай-ақ қала Тянь-Шань таулары мен бірегей табиғатымен тартымды. Туристік ағынның жыл сайын артуы — қаланың маңызды артықшылықтарының бірі. Осы факторлардың барлығы Қазақстаннан, нақтырақ айтқанда Алматыдан бастауымызға әсер етті.

 IMG_615892Epov_Timur.JPG

— Алматының елдегі ең ірі іскерлік және қаржы орталығы ретіндегі қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз?

— Қазақстан экономикасы абсолюттік көрсеткіштер мен жан басына шаққандағы табыс бойынша Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып табылады. Алматы елдің ЖІӨ-нің шамамен 20%-ын өндіреді және мемлекеттік кірістердің де шамамен 20%-ын қалыптастырады. Қала өңірлік қаржы және іскерлік орталық саналады. Алматы экономикасы жыл сайын өсіп келеді — бұл оның күшті жағы. Дегенмен, инфрақұрылым даму қарқынына сай болуы тиіс. Әсіресе көлік пен орналастыру салаларында даму қарқынын қуып жету қажет. Соңғы жылдары көлік жүктемесінің артуы қала өмірі мен экономикасына әсер етуде. Алайда мұндай жағдай қарқынды дамып жатқан көптеген қалаларға тән. Біз Алматы бұл бағытты да мүмкіндікке айналдыра алады деп сенеміз.

— Локацияны таңдауда қандай критерийлер шешуші болды: келушілер ағыны, аудитория профилі, СОО концепциясы, орналасуы?

— Локацияны таңдағанда біз стратегиялық факторлардың жиынтығына сүйендік. Тұрақты трафик пен көлік қолжетімділігі аса маңызды болды — біз үшін қалыптасқан сауда кластерінде, келушілер ағымы тұрақты жерде болу маңызды. Аудитория профилі де шешуші рөл атқарды: біз төлем қабілеттілігі мен тұтынушылық мінез-құлықты талдадық. Сонымен қатар сауда орталығының концепциясын, tenant-mix сапасын, ұсынылған халықаралық және жергілікті брендтерді, сондай-ақ даму стратегиясын бағаладық. Осы критерийлердің жиынтығы бойынша Dostyk Plaza СОО біздің нарыққа шығу стратегиямызға толық сәйкес келді.

 IMG_615590Epov_Timur.JPG

— 2025 жылғы 11 қазанда Espresso Lab Dostyk Plaza-да ашылды. Дайындық қанша уақытқа созылды және концепция қазақстандық аудиторияға қаншалықты бейімделді?

— Жалпы дайындық процесі шамамен алты айға созылды. Интерьер мен концепцияда біз брендтің өзіндік философиясын сақтадық. Алайда алғашқы нәтижелерді ескере отырып, елдегі кеңею стратегиясына сәйкес дизайнға белгілі бір өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәзірде біз әлемдік форматтағы кең таңдаудан бастадық. Клиенттердің пікіріне құлақ асып, икемді түрде дамуды маңызды санаймыз.

— Алматыдағы филиал басқа елдердегі нүктелерден ерекшелене ме?

— Алматыдағы филиал жалпы концепция тұрғысынан басқа елдердегі нүктелерден ерекшеленбейді. Дегенмен, алғашқы нүкте болғандықтан және флагмандық статусына байланысты ашылуға ерекше дайындық жүргізілді.

 IMG_616017Epov_Timur.JPG

— СОО локациясында табысты жұмыс істеу үшін қандай көрсеткіштер маңызды?

— Ең алдымен локацияның өзі маңызды. Сауда орталығы тиімді жерде орналасуы керек. Маркетингтік стратегиялар мен үздіксіз даму ашықтығы да маңызды факторлар. Клиенттік тәжірибе мен сервистің сапасы шешуші рөл атқарады. Ыңғайлы дизайн, тазалық, қолжетімділік — барлығы клиент қанағаттануын арттырады.

— Алғашқы айларда қазақстандық клиенттердің мінез-құлқында ерекшеліктер байқадыңыз ба?

— Әрине, айырмашылықтар бар. Дәм талғамы мен жергілікті ерекшеліктер басқа нарықтардан өзгеше. Қазақстандағы гастрономиялық орта алуан түрлі, сондықтан тұтынушылар заманауи форматтарды жақсы түсінеді және сапаға жоғары талап қояды.

 IMG_615874Epov_Timur.JPG

— Қазақстанда жаңа филиалдар ашу жоспарда бар ма?

— Иә, біз Қазақстан нарығында өсуді көздеп отырмыз.

— Алдағы жылдары F&B секторының дамуын қандай трендтер айқындайды?

— Біздің ойымызша, бірнеше негізгі фактор ерекшеленеді:

  • * локалдылық өндіріс пен жабдықтаудың негізіне айналып, гастрономиялық бірегейлікті қалыптастырады;
  • * сән-салтанаттың көрсетілімдік форматы әлсіреп, люкстің жаңа түсінігі өнімнің шығу тегі, еңбектің ашықтығы және өлшенетін тұрақтылыққа негізделеді;
  • * кеңістіктер артық демонстративтіліктен бас тартып, жылылық пен жайлылыққа негізделген «cozy luxury» форматына көшеді.

 IMG_615769Epov_Timur.JPG

— Алматыдан кейін қай қалалар басым бағыт болады?

— Алматыдан кейін Астана мен Шымкент негізгі басым бағыттар болады. Біз оларды іскерлік белсенділік, демографиялық динамика және заманауи сауда инфрақұрылымының даму деңгейін ескере отырып, масштабтаудың келесі кезеңі ретінде қарастырамыз.