Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны 17,5%-ға өсті
2025 жылы Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны 19 588-ге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,5%-ға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2024 жылы елде 16 674 қоғамдық тамақтану нысаны тіркелген.
Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны Алматыда — 3 522, Астанада — 2 761 және Қарағанды облысында — 1 275 нысан.
Бір жыл ішінде мейрамханалар саны айтарлықтай өсті. Олардың саны 666 нысанға артып, 3 024-ке жетті.
Асханалар саны 5,7%-ға — 5 618-ден 5 940-қа дейін өсті. Сонымен қатар ең елеулі өсім кафелер арасында байқалды: олардың саны 5 202-ден 5 987-ге дейін, яғни 15,1%-ға артты.
Мейрамханалар саны бойынша Астана көш бастап тұр — 654 нысан. Екінші орында Алматы — 602, үшінші орында — 248 мейрамханасы бар Батыс Қазақстан облысы.
Кафелер саны бойынша ең көп нысан Алматыда — 1 036, Астанада — 809 және Қарағанды облысында — 485.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану және сусындар саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 2,1 трлн теңгені құрады.