TSPM
logo
Артқа

«Орталық Азиядағы СОО және ритейл келешегі» CREW конференциясы

17 қазан күні Алматы қаласында Swissôtel Wellness Resort Alatau-да, CREW Central Asia ұйымдастырған «Орталық Азиядағы ССО және ритейл келешегі» конференциясы өтті. Іс-шара сауда жылжымайтын мүлігі, инвестициялар және ритейл саласындағы жетекші мамандар мен тәжірибешілерді жинады. Конференция 150 астам қатысушыларды біріктірді, оның ішінде девелоперлер, инвесторлар, консалтингтік және құрылыс компанияларының өкілдері болды. Кездесудің негізгі мақсаты өңірдегі сауда-сауық орталықтарын (ССО) және бөлшек сауданы дамытуға әсер ететін негізгі мәселелер мен үрдістерді талқылау болды.

Photo-123.JPG

TSPM. компаниясы конференция серіктестерінің бірі болып, іс-шараға белсенді қатысты. TSPM. серіктесі Алексей Хегай конференцияның бірінші сессиясын ашып, Қазақстандағы сауда жылжымайтын мүлік нарығының жағдайы мен келешегіне қатысты өз сараптамалық бағалауын ұсынды. Өз сөзінде ол Орталық Азиядағы ағымдағы экономикалық жағдай және тұтынушылық нарықтың өзгерістері сияқты маңызды тақырыптарды қозғады. Алексей сатып алушылардың өскелең қажеттіліктерін және ССО-дан икемділік пен бейімділікті талап ететін трендтерді атап өтті.

Photo-155.JPG

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі дәстүрлі сауда орталықтары мен жылдам дамып келе жатқан e-commerce арасындағы бәсекелестік болды. Алексей қажетті болып қалу үшін ССО-лар заманауи технологияларды енгізуге, мультифункционалдық кеңістіктерді ұсынуға және   онлайн-ритейл ұсына алмайтын бірегей клиенттік тәжірибені құруға тиіс екенін атап өтті. Сарапшы бұл ретте цифрландыру және клиенттік мінез-құлықты талдау құралдарын пайдалану маңызды рөл атқаратынын баса айтты.

Алексей, сондай-ақ,  бөлшек сауданың жағдайын негізгі сегменттер бойынша, соның ішінде азық-түлік ритейлін және тұрмыстық техника нарығын  жан-жақты талқылады. Ол азық-түлік секторы тұрақты сұранысты сақтайтынын, ал  тұрмыстық техника нарығы экономиканың қалпына келуімен шартталған өсімді көрсететінін атап өтті.

Сессияның соңында Алексей Хегай REIT – жылжымайтын мүліктің инвестициялық қорларын құру және олардың жұмыс істеуі тақырыбын қозғады. Оның сөзі бойынша, осындай қорлар капиталды тарту және сауда жылжымайтын мүлігінің өтімділігін арттыру үшін қуатты құрал болып табылады, бұл Қазақстандағы инвесторлар үшін жаңа перспективаларды ашады.

Photo-159.JPGКонференция белсенді кәсіби алмасу және ашық талқылау атмосферасында өтті. TSPM. қатысуы және Алексей Хегайдың сөзі Орталық Азиядағы консалтинг және сауда жылжымайтын мүлікті басқару салаындағы компанияның жетекші орындарға ие болуын растады.