Сауда саласының ірі салық төлеушілерінің рейтингі жасалды
Сауда секторы Қазақстан экономикасының негізгі сегменттерінің бірі болып қала береді және мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сарапшылардың деректеріне сәйкес, соңғы жылдары саланың ЖІӨ-дегі үлесі өсіп, ішкі тұтыну нарығының кеңейіп жатқанын және компаниялар айналымының артқанын көрсетеді. Сауда саласындағы ірі салық төлеушілер рейтингі туралы Finprom.kz жазады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша рейтингтің көшін Kaspi.kz маркетплейсі бастап, бюджетке 138,4 млрд теңге салық аударды. Соңғы үш жылда компанияның салық төлемдері екі еседен астам өсті. Бұл көрсеткішке экожүйе құрамындағы онлайн-сауда сервистері мен e-commerce жобалары айтарлықтай үлес қосып отыр.
Екінші орынды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС иеленді — компанияның салық төлемдері 125,3 млрд теңгені құрады. Ол автомобильдерді, түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды жеткізумен, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан нарықтарында сервистік қызмет көрсетумен айналысады.
Үздік үштікті «Кока-Кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорны түйіндеді. Компанияның салық аударымдары 61,6 млрд теңгеге жетті. Кәсіпорын франчайзинг негізінде алкогольсіз сусындардың кең ассортиментін өндіреді және сатады.
Жалпы алғанда, сауда саласындағы ең ірі 20 компания 2025 жылы бюджетке 690 млрд теңгеден астам салық төледі. Бұл көрсеткіштер бөлшек және көтерме сауда айналымының жоғары деңгейін, электрондық коммерцияның қарқынды дамуын және саланың экономикалық белсенділікке ықпалының күшейіп отырғанын көрсетеді.
Сарапшылардың пікірінше, retail сегментінің цифрлануы, маркетплейстердің кеңеюі және логистикалық инфрақұрылымның дамуы алдағы кезеңде де сауда саласының экономикалық маңызын арттыра түседі.