Жұмыс орындарынан іскерлік экожүйеге дейін: MAAK Space тәжірибесі
Алматыдағы кеңсе жылжымайтын мүлік нарығы классикалық жалға беру моделінен дайын сервистік кеңістіктер форматына біртіндеп көшуде. Компаниялар үшін кеңсенің сипаттамалары ғана емес, жұмысты жедел бастау мүмкіндігі, инфрақұрылым сапасы және қосымша сервистердің қолжетімділігі барған сайын маңызды бола түсуде.
Colliers Kazakhstan деректеріне сәйкес, 2026 жылы Алматыдағы сапалы кеңсе алаңдарының жалпы көлемі шамамен 1 млн шаршы метр GLA құрайды. Оның шамамен 70%-ы B санатындағы кеңселерге тиесілі. Бос тұрған кеңсе алаңдарының көлемі 57 мың шаршы метр деп бағаланады. Соның ішінде үштен бірінен астамы әрлеусіз күйде ұсынылса, шамамен 42%-ы жаңғыртуды қажет етеді.

Осындай жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жиһаз сатып алуға және инженерлік жүйелерді ұйымдастыруға қосымша шығын жұмсамай-ақ жұмысты бірден бастауға мүмкіндік беретін дайын инфрақұрылымы бар кеңселерге қызығушылық өсіп келеді.

Аумағы 1 800 шаршы метрді құрайтын кеңістік 210 жұмыс орнына арналған. Мұнда жұмыс аймақтары, келіссөз бөлмелері, Zoom-кабиналар және лаунж-кеңістіктер біріктірілген. Нысан Терренкур бойында, Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығына жақын орналасқан. Бұл ыңғайлы көлік қатынасын және дамыған қалалық инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

MOST Property Management компаниясының CEO-сы Диас Қожатаевтың айтуынша, бүгінде кеңсе жай ғана жұмыс орны емес, бизнесті дамыту құралына айналып келеді.
«Өсіп келе жатқан компаниялар үшін мұндай форматтың маңызы ерекше. Кеңсе енді тек қатысу нүктесі емес, команданы дамытуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін құралға айналады. Біз дәл осындай тәсілді басқаруымыздағы MOST IT Hub және Defense Tech Hub нысандарында дамытып келеміз», – деді Диас Қожатаев.

Жалға алушылардың талаптары өзгерген сайын, икемді кеңсе форматтарының дамуы Алматының коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі трендтердің біріне айналып отыр.