Қырғызстан Сиань қаласында жүк тасымалдау орталығын салу үшін тоғыз гектар жер сатып алды
Қырғызстан Қытайдың Сиань қаласында жүк тасымалдау орталығын салу үшін 9 гектар жер сатып алды. Бұл туралы Ұлттық инвестициялар агенттігі хабарлады, деп жазады Economist.kg.
Жаңа логистикалық нысан Қытай мен Қырғызстан арасындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін пайдаланылмақ.
Алдын ала әзірленген схемаға сәйкес, жүктер Сиань қаласынан Қашғарға теміржол арқылы жеткізіліп, кейін Қашғардан Ошқа автомобиль көлігімен тасымалданады. Жобаны жүзеге асыру үшін 30 жүк көлігін дайындау жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта қырғыз тарапы жобаны іске асыру мәселелері бойынша Сиань қаласының билігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Жүк тасымалдау орталығының құрылуы логистиканы жеңілдетіп, Қытайдан Қырғызстанға тауар жеткізудің неғұрлым ыңғайлы схемасын қамтамасыз етеді деп күтілуде.